"Сазайын бергім келеді". Головкин Альварес туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Сазайын бергім келеді". Головкин Альварес туралы © boxingscene.com

Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) 15 қыркүйекте өтетін екінші кездесуде сазайын тартқызғысы келетінін айтты, - деп хабарлайды BoxingScene.

"Сазайын бергім келеді. Жұдырықтасып, өзі мен командасы істеген жамандықтары үшін жазалап, өз орнын көрсеткім келеді", - дейді Головкин.

Еске салайық, Головкин мен Альварес арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылы 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталған болатын.

Осыдан кейін тараптар 5 мамырда қарымта өткізу туралы келісімге келеді. Алайда ақпанда Альварес допингпен ұсталып, алты айға бокстан шеттеледі. Осыдан кейін боксшылар арасындағы қарым-қатынас күрт бұзылып, тараптардың қарымтаны 15 қыркүйекте өткізу туралы келіссөздері өте ауыр жүрді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 512.07  course up  595.42  course up  6.58  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети