11 қыркүйек 2018 17:03

Қытайдың Қазақстандағы жаңа елшісі "Димаштар көптеп шыға берсін" деген тілек айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы жаңа елшісі Чжан Сяо бүгінде ҚР мен ҚХР арасын не байланыстырып тұрғаны жөнінде үш мақала жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы жаңа елшісі Чжан Сяо бүгінде ҚР мен ҚХР арасын не байланыстырып тұрғаны жөнінде үш мақала жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мақаланың бірінде, екі ел арасындағы қарым-қатынасты айта отырып, дипломат соңғы жылдары Қазақстанда қытай тілін үйреніп жатқандар саны көптігін айтты. 

"Қазақстандық бум Қытай өміріне етене байланысты. Қазіргі уақытта Конфуцидің бес институты Қазақстандағы қытай тілі педагокикасының жұмысын жеңілдетуде. Сонымен қатар, Қытайда Қазақстанның бес мәдени-лингвистикалық орталығы бар. Бұл Орта Азия елдеріндегі ең үлкен көрсеткіш. Бүгінгі таңда 14 000 қазақстандық Қытайда білім алып жатыр, 1 400-ге жуық студент Қазақстанға білім алу үшін келді", - деп жазды Чжан Сяо.

Өткен жылы ҚХР төрағасы Си Цзыпинь үшінші рет мемлекеттік сапармен келу барысында қазақстандық тараптың өтініші бойынша, алдағы бес жылда үкіметтік гранттарды 200 қазақстандық студентке көтеруге уәде берді. 

"Екі ел арасында студенттер алмасу болашақта көейетінін болжай беруге болады", - деді елші. 

Мәдени алмасу туралы сөз еткенде, ол Қытайда кең танымал болған қазақстандық орындаушы Димаш Құдайберген жайлы сөз етті. 

"Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 2017 жылы Қытайда Singer 2017 музыкалық реалити-шоуында өнер көрсетіп, аз уақыттың ішінде танымал бола түсті. Өз еліне қайтып келгенде, ол ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтан шақырту алып, "Тәуелсіз Қазақстан символы" марапатын ие болды. "Димаш феномені"  - бұл тек бір адамның ғана сәттілігі емес - екі ел арасындағы байланыстың септігі. Екі елдің халық мәдени мұраларымен алмасу үшін, "Димаштар" көбейе берсін", - деп жазды елші.  

Өз мақаласын ол жыр өлең шумақтарымен аяқтады: "Зазвенели верблюжьи колокольчики две тысячи лет тому назад, а сотрудничество по Великому Шелковому пути в наши дни возродилось в новом облике!"

Тағы екі мақаласында Чжан Сяо қазақстандық-қытайлық индустрия мен логистика саласындағы жобалардың сәтті жұмыс істеп жатқаны жайлы жазған. "Бір бел - бір жол" бастамасының арқасында Тынықмұхиттық теңіз бризі қазақ даласына да жеткенін айтады. Ол Ляньюньган қытай-қазақ теңіз порты жайлы айтып отыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети