Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының күндізгі саудасында айтарлықтай нығайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 358,61 теңгеге тең болды. Еске салайық, таңғы саудада доллар бағамы 359,81 теңге болған.

20 қыркүйекте күндізгі сауданың бірінші келісімі 360,05 теңгемен өтті және осы максималдық құны болды, ал минималдық құны - 356 теңге. Сауданың жалпы көлемі 97,2 миллион долларға жетті.
Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 356-359 аралығында. Астана уақытымен 15.53-те Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 79,53 доллар болды.