20 қыркүйек 2018 | 17:37

Бұрынғы вице-министрлер Сәдібеков пен Жақсалиев ісінің мән-жайы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация © Tengrinews.kz Иллюстрация © Tengrinews.kz

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов энергентика вице-министрлері болған Ғани Сәдібеков пен Бақытжан Жақсалиевтің ісіне қатысты мән-жайды айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов энергентика вице-министрлері болған Ғани Сәдібеков пен Бақытжан Жақсалиевтің ісіне қатысты мән-жайды айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сыбайлас жемқорлық көбінесе Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстарында болады. Сараптама ісі осы облыстарда заң бұзушылық көп болатынын анықтады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері анықтаған істің бұл тек жартысы ғана. Вице-министрлерге қатысты бәрін білетіндер де бар. Ол сіздердің кеше бірге жұмыс істеген, кешегі әріптестеріңіз. Мұндай жолға түссеңіздер заңмен бетпе-бет келуге тура келеді",  - деді қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары. 

Бектеновтің хабарлауынша, экс-шенеуніктерге қатысты тергеу әлі күнге дейін жалғасып жатыр. Сәдібеков пен Жақсалиев үй қамауында отыр. 

Агенттік төрағасының орынбасары соңғы екі жарым жыл ішінде министрліктің және аумақтық бөлімшелердің қызметкерлеріне қатысты 14 сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыстың тіркелгенін айтты. 

Осыған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік экс-министрлерге қатысты тергеу ісінің басталғанын хабарлаған еді. 2018 жылдың наурызында Ғани Сәдібеков "Аймақ" ЖШС мердігерлік ұйымының басшысымен сөз байласқан деген күдік пайда болды. Агенттік Щучье-Бурабай курорттық аймағында көлді тазалауға бөлінген аса көлемде бюджет қаражатын ұрлағаны туралы мәлімдеді.

4 маусымда агенттік энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев үй қауамында екенін хабарлады. Сондай-ақ, "Аймақ" және "К" ЖШС-нің мердігерлік ұйымдарының мүддесі үшін лауазымдық міндеттерін асыра пайдаланғаны үшін күдікті деп танылды.

Читайте также
Join Telegram
Доллар бағамы өсті

Валюта бағамы

 489.49   537.05   5.04 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети