"Астана" Еуропа лигасында киевтік "Динамомен" тең ойнады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана" Еуропа лигасында киевтік "Динамомен" тең ойнады REUTERS/Gleb Garanich©

Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі бірінші ойында "Астана" футбол клубының ойыншылары мен украиналық "Динамо" есебі тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі бірінші ойында "Астана" футбол клубының ойыншылары мен украиналық "Динамо" есебі тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ойындағы алғашқы голды 11-ші минутта алаң иелері сапынан Виктор Цыганков соғып, командасын алға шығарды. Араға 10 минут сала Джуниор Кабананганың асырған пасына бірінші жеткен Марин Аничич таразы басын теңестірді.

Бірінші тайм аяқталар тұста "Динамо" екінші рет есепте алға шықты. Денис Гармаш елордалық команданың қақпашысы Ненад Эричтің өрескел қателігін оңтайлы пайдаланып кетті.

"Астананың" бірінші таймда бір емес, бірнеше гол соғатын мүмкіндігі болған. Алайда Марин Томасов гол соғатын сәттерде мүлт кетті.

Ойын аяқталар тұста Григорий Бабаян Марин Томасовтың орнына Роман Мұртазаевты шығарды. Төреші қосқан уақыттың соңғы сәтінде шабуылшы баспен гол соғып, есепті теңестірді. Нәтижесінде 2:2 есебі сақталып, командалар бір-бір ұпайдан бөлісті.

"Астана" топтық кезеңдегі екінші ойында "Реннмен" кездеседі. Ойын 4 қазан күні елордада өтеді. Француз командасы бірінші турда "Яблонецті" 2:1 есебімен жеңіп, өз тобында көш басына шықты.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 512.07  course up  595.42  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети