Қазақстандықтар күніне 8 миллиард теңге сомасына 500 мың транзакция жүргізеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар күніне 8 миллиард теңге сомасына 500 мың транзакция жүргізеді © MyBuh.kz

Күн сайын Қазақстан халқы цифрлық банкинг арқылы 8 миллиард теңге сомасына шамамен 500 мың транзакция жүргізеді. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Жанат Құрманов AstanaHub Халықаралық IT-стартаптар технологиялық паркі алаңында сөйлеген сөзі барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


"Бүгінде қаржы транзакцияларының негізгі бөлігі Интернет-және мобильдік банкинг арқылы жүргізіледі. Қазақстанның қаржы ұйымдары жеткілікті түрде цифрлық шешімдерді белсенді қолданады және жаңа технологияларды енгізуде тұрақты жұмыс істейді", - деп түсіндірді Жанат Құрманов.

Қазақстан Ұлттық банкінің деректері бойынша, бизнес субъектілерінің қаржылық операцияларының 70 пайызы қашықтықтан көрсетілетін сервис арқылы жүргізіледі. Интернет/мобильдік банкинг арқылы жүргізілген төлемдер көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы 3 есе ұлғайды.

AstanaHub форумы шеңберінде қаржы секторын цифрландыру мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық банкінің қызметін автоматтандырудың ағымдағы міндеттері талқыланды. Төрағаның орынбасары Жанат Құрманов Ұлттық банктің ақпараттық жүйелерін жетілдіру, атап айтқанда, Ұлттық банктің интернет-ресурсының жаңа нұсқасын, деректерді басқару жүйесін, сондай-ақ модельдеу және  дамыған талдама жүйесін құру жөніндегі алдағы жобалар туралы хабарлады.

Осы жобаларды іске асыруға IT-қоғамдастықтың өкілдері мен компаниялар конкурстық негізде қатыса алатынын атап өтеміз. Жүргізілетін сатып алулар туралы ақпарат Қазақстан Ұлттық банкінің Интернет-ресурсына (www.nationalbank.kz) орналастырылады.

Читайте также

Валюта бағамы

 472.17   540.82   6.12 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +13
Астана +17
Ақтау +23
Ақтөбе +17
Атырау +21
Б
Балқаш +18
Ж
Жезқазған +18
Қ
Қарағанды +16
К
Көкшетау +17
Қ
Қостанай +20
Қызылорда +20
П
Павлодар +16
Петропавл +19
С
Семей +18
Т
Талдықорған +18
Тараз +19
Түркістан +20
О
Орал +17
Ө
Өскемен +16
Ш
Шымкент +20

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер