Ширек ғасыр бірге жұмыс істеп келеміз - Назарбаев Мамин жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ширек ғасыр бірге жұмыс істеп келеміз - Назарбаев Мамин жайлы © akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісі бюросының отырысына қатысты. Сонда Мемлекет басшысы елдің премьер-министр қызметіне тағайындалған Асқар Мамин туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің стратегиялық бағдарламаларын одан әрі тиімді жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына Асқар Маминнің кандидатурасын талқылауға ұсынды.

"Бұрынғы Үкімет отставкаға кетті. Осыған байланысты сіздермен жаңа Премьер-Министр Асқар Маминнің кандидатурасын ұсынып отырмын. Оның мол тәжірибесі бар. Ширек ғасырдан бері бірге жұмыс істеп келеміз. Қала әкімі, көлік министрі, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болды. Оның жетекшілігімен, әсіресе инфрақұрылымды дамыту саласында, көп жұмыс атқарылды", - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Маминнің интеграциялық бірлестіктердің жұмысына, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыруға белсенді атсалысқанын айтты.

"Қазір күрделі кезең. Алдымызда маңызды міндеттер тұр. Алға жылдам ұмтылуымыз керек", - деді Мемлекет басшысы.

Жиын барысында Парламент Мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілері мен комитеттер төрағалары Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына ұсынылған Асқар Маминнің кандидатурасын қолдады.

Читайте также

Валюта бағамы

 472.17   540.82   6.12 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +28
Астана +25
Ақтау +29
Ақтөбе +29
Атырау +30
Б
Балқаш +28
Ж
Жезқазған +24
Қ
Қарағанды +26
К
Көкшетау +29
Қ
Қостанай +32
Қызылорда +28
П
Павлодар +29
Петропавл +29
С
Семей +31
Т
Талдықорған +28
Тараз +34
Түркістан +24
О
Орал +29
Ө
Өскемен +32
Ш
Шымкент +28

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер