Күләш Шәмшидинова білім және ғылым министрі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Күләш Шәмшидинова білім және ғылым министрі болып тағайындалды

Күләш Шәмшидинова білім және ғылым министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министр кеңсесінің жетекшісі Нұрлан Алдабергенов Қазақстан премьер-министрінің тапсырмасы бойынша комитет мүшелеріне білім және ғылым министрі қызметіне Күләш Шәмшидинованы ұсынды.

Шәмшидинова бұған дейін "Назарбаев Зияткерлік мектебі" АҚ-ның басқарма төрайымы қызметін атқарған еді.
Ол 1958 жылы 4 наурызда Алматы облысында дүниеге келген. 1979 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия факультетін бітірген.

Түрлі жылдары химия пәнінің мұғалімі, орынбасар, мектеп директоры болып жұмыс істеді. 1996 жылдан 2002 жылға дейін - Талдықорған әкімінің орынбасары. 2002 жылдың ақпанынан 2005 жылдың мамырына дейін - ҚР білім және ғылым вице-министрі. 2005 жылдың 23 мамырынан 2007 жылдың сәуіріне дейін - "Бөбек" ұлттық ғылыми-тәжірибелік, білім беру және сауықтыру орталығының бас директоры. 2007 жылдың сәуірінен 2009 жылдың қазанына дейін - ҚР білім және ғылым вице-министрі. 2009 жылдың қазанынан 2019 жылдың ақпанына дейін - "Назарбаев Зияткерлік мектебі" АҚ-ның басқарма төрайымы.

Читайте также

Валюта бағамы

 472.17   540.82   6.12 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +28
Астана +25
Ақтау +29
Ақтөбе +29
Атырау +30
Б
Балқаш +28
Ж
Жезқазған +24
Қ
Қарағанды +26
К
Көкшетау +29
Қ
Қостанай +32
Қызылорда +28
П
Павлодар +29
Петропавл +29
С
Семей +31
Т
Талдықорған +28
Тараз +34
Түркістан +24
О
Орал +29
Ө
Өскемен +32
Ш
Шымкент +28

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер