01 маусым 2019 09:45

Қазақстанда 1 шілдеден бастап теміржол билетін сату жүйесі өзгереді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© temirzholy.kz © temirzholy.kz

"Жолаушылар тасымалы" АҚ мамандары жеке билет сататын касса өкілдеріне электронды билет сатудың жетілдірілген жүйесін таныстырды, - деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз орталығы. 


"Жолаушылар тасымалы" АҚ мамандары жеке билет сататын касса өкілдеріне электронды билет сатудың жетілдірілген жүйесін таныстырды, - деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз орталығы. 

2019 жылдың 1 шілдесінен бастап Компанияға қарасты барша бағыттарға электронды жол жүру билеттері жаңа автоматтындырылған және заман талабына сай жетілдірілген жүйе арқылы сатылатын болады.
Бұл жүйе жолаушылардың қайтарған билеттерін белгіленген уақыт аралығында ғана сатылымға шығарады. Яғни алып-сатарларға жемқорлықпен айналусыға бөгет болады.

"Жаңа жүйенің енуі билет құнына әсер етпейтінін ескертеміз. Ұлттық тасымалдаушы алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмысын жалғастырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресін күшейтетінін жеткізеді.
Егер де билетсіз отырған жолаушы не болмаса заңсыз рәсімделген жүк тасымалына тап болсаңыз - фотобейне түсіріп, "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның Бас директорының блогына (https://www.temirzholy.kz/blog-predsedatelya-pravleniya/) жазып жіберулеріңізді сұраймыз! Біз міндетті түрде шара қолданамыз!", - делінген хабарламада. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети