Сұлтанов, Байбек және Әбдірахымов жаңа әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сұлтанов, Байбек және Әбдірахымов жаңа әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқарады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


"Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 5-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген Ақорданың хабарламасында.

Сондай-ақ, Тоқаев ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары туралы жарлыққа қол қойды.
 
"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабының 1-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары тиісті басшылар тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген хабарламада.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +18
Астана +18
Ақтау +23
Ақтөбе +22
Атырау +20
Б
Балқаш +22
Ж
Жезқазған +18
Қ
Қарағанды +19
К
Көкшетау +24
Қ
Қостанай +25
Қызылорда +16
П
Павлодар +20
Петропавл +19
С
Семей +18
Т
Талдықорған +21
Тараз +24
Түркістан +20
О
Орал +17
Ө
Өскемен +22
Ш
Шымкент +22

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер