Қыркүйекте Головкинмен жекпе-жекке шығатын үміткерлердің есімі аталды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қыркүйекте Головкинмен жекпе-жекке шығатын үміткерлердің есімі аталды Геннадий Головкин. REUTERS/Eric Gaillard©

DAZN стриминг сервисі Геннадий Головкинге қыркүйекте жекпе-жекке шығатын үш адамды қарастырып жатыр, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 


Басылым хабарлаған ақпарат бойынша, GGG-мен жекпе-жекке үміткерлер - украиналық Сергей Деревянченко, мексикалық Хайме Мунгия және жапониялық Риота Мурата.

Айтпақшы, Головкиннің қарсыластарының ішіндегі басты үміткер - Деревянченко. Онымен қазақстандық кезінде жекпе-жекке шығудан бас тартып, IBF белбеуінен айырылып қалған. 

Ал енді Халықаралық бокс федерациясының бұл титулы жекпе-жектің ұтысы болады.

"Украиналық спортшы IBF белбеуіне үміткердің ең алғашқысы, сондықтан, ұйым Деревянченко және орта салмақтағы чемпион Сауль "Канело" Альварес арасында жекпе-жек өткізуге рұқсат берді. Мексикалық боксшы бас тартса, IBF одан белбеуін тартып алуға мәжбүр болады, бірақ әлі ешқандай келіссөздер жүрген жоқ. Осылайша үміткерлер тізімінде Деревянченкодан кейін тұрған Головкин жекпе-жекке шығуы мүмкін", - деп жазған басылым тілшілері. 

Еске салсақ, Головкин Danz-мен жасаған келісім-шарты бойынша жыл соңына дейін тағы бір жекпе-жек өткізуі тиіс. 

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +22
Астана +19
Ақтау +26
Ақтөбе +25
Атырау +24
Б
Балқаш +27
Ж
Жезқазған +18
Қ
Қарағанды +23
К
Көкшетау +28
Қ
Қостанай +31
Қызылорда +20
П
Павлодар +24
Петропавл +21
С
Семей +21
Т
Талдықорған +28
Тараз +30
Түркістан +23
О
Орал +17
Ө
Өскемен +30
Ш
Шымкент +25

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер