Әл-Фараби мен тағы екі көшеге сағатына 80 жылдамдық режимі қайтарылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әл-Фараби мен тағы екі көшеге сағатына 80 жылдамдық режимі қайтарылады

Алматыда әл-Фараби даңғылы мен Саин көшесінде және Шығыс айналма автокөлік жолында жылдамдық режимі өзгереді. Сағатына 80 шақырым жылдамдық режимі қайта қойылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


"Осыған байланысты әкімдік әлеуметтің жоғары сұранысын назарға ала отырып, әл-Фараби даңғылы мен Шығыс айналма автокөлік жолына сағатына рұқсат етілген 80 шақырым жылдамдықты қайтару туралы шешім қабылдады. Бұл осы көшелердің бірегей айналма жолына байланысты міндеттеріне сай келеді", - делінген Алматы әкімдігінің баспасөз релизінде. 

Биыл 15 қаңтарда әл-Фараби даңғылы, Саин көшесі және Шығыс айналма автокөлік жолында орташа жылдамдық сағатына 80 шақырымнан 60-қа түскен болатын. Көрсетілген жылдамдықтан асып кеткен жағдайда 5-тен 20 айлық есептік көрсеткіш айыппұл қарастырылған. Шенеуніктер осындай қадам арқылы жол апатын азайтуды көздеген. 

Алғашқы айларда дәл осы көшелерде камералар 5 мыңнан аса жылдамдық режимі бұзылған сәтті тіркеген. Айыппұлдардың жалпы сомасы 65 миллион теңгеден асқан болатын. 

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +30
Астана +30
Ақтау +26
Ақтөбе +27
Атырау +30
Б
Балқаш +33
Ж
Жезқазған +28
Қ
Қарағанды +31
К
Көкшетау +33
Қ
Қостанай +37
Қызылорда +28
П
Павлодар +32
Петропавл +27
С
Семей +29
Т
Талдықорған +33
Тараз +37
Түркістан +28
О
Орал +29
Ө
Өскемен +38
Ш
Шымкент +28

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер