Алматы облысындағы төтенше жағдай: Істі полиция тергеп жатыр

Алматы облысындағы төтенше жағдай: Істі полиция тергеп жатыр

Алматы облысында автобус пен пойыз соқтығысқан төтенше жағдайды полиия тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Алматы облысы, Қарасай ауданындағы теміржол өткелінде сағат 19:30-да Алматы-Қостанай бағыты бойынша пойыз Сетра жолаушылар автобусымен соқтығысқан. Нәтижесінде оқиға орнында автобус жүргізушісі қаза тапты. Үш автобус жолаушысы және екі бала жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді", - дейді ІІМ баспасөз қызметі.

Төтенше жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды.

"Оқиға орнында полиция өкілдері жұмыс істеп  жатыр. Қосымша ақпараттар кейінірек хабарланады", - делінген хабарламада.

Мұның алдында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі оқиғаның мән-жайын айтқан еді.

Еске салайық, төтенше жағдай "Екатеринбург-Алматы" тасжолының 2449-шақырымында Шамалған станциясында 15 қыркүйекте сағат шамамен 19.20-да болған. 

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +20
Астана +20
Ақтау +22
Ақтөбе +25
Атырау +27
Б
Балқаш +25
Ж
Жезқазған +19
Қ
Қарағанды +23
К
Көкшетау +26
Қ
Қостанай +30
Қызылорда +23
П
Павлодар +24
Петропавл +19
С
Семей +20
Т
Талдықорған +28
Тараз +30
Түркістан +24
О
Орал +16
Ө
Өскемен +31
Ш
Шымкент +25

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер