"Орталық - 2019" стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығудың белсенді фазасы басталды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Орталық - 2019" стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығудың белсенді фазасы басталды

Оқу-жаттығуға Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Үндістан елдерінің әскери қызметшілері, 20 мың бірліктен астам әскери техника мен қару-жарақ, 600 шамасында ұшқышсыз ұшу аппараттары тартылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Оқу-жаттығу броньды транспортерлер, жаяу әскер жауынгерлік машиналары, танкілер, жойғыштар, әскери-көлік ұшақтары, жауынгерлік тікұшақтар, тактикалық зымыран кешендері және артиллериялық қару-жарақтар қолданылды. Сонымен қатар әскери түрлер, арнайы әскерлердің, материалды-техникалық және медициналық қамтамасыз ету бөлімшелері тартылды. Оқу-жаттығу барысында заманауи әскери қақтығыстардағы тәжірибені ескере отырып ұрысты бастаудың жаңа түрлері мен тәсілдері қолданылды.

Белсенді фазаның шарықтау шегі бөлімшелер негізгі оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындаған кезде жүзеге асты. Халықаралық форматта әскери контингенттер бірнеше тактиакалық эпизодтарды орындады. Олар:

- барлау-оқ ату және барлау-соққы беру әрекеттері;

- бастырмалы оқ атумен зақымдауды жүргізу;

- шабуылға көшкенде басып алынған шепті ұстап тұру;

- тактикалық және жедел десант тарды түсіру;

Бөлімшелер заңсыз әскери құрылымдарға шабуылдау бойынша бірлескен іс-қимылдарды пысықтады. Әскерлердің тәжірибелік әрекеттерін Ресей және Қырғызстан Президенттер, сондай-ақ Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің қорғаныс ведомство басшылары бақылады. Халықаралық оқу-жаттығудың нәтижесі бойынша ерекшеленген әскери қызметшілерді медальдармен марапаттады.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +19
Астана +17
Ақтау +22
Ақтөбе +23
Атырау +25
Б
Балқаш +23
Ж
Жезқазған +17
Қ
Қарағанды +21
К
Көкшетау +24
Қ
Қостанай +27
Қызылорда +22
П
Павлодар +23
Петропавл +17
С
Семей +19
Т
Талдықорған +23
Тараз +28
Түркістан +20
О
Орал +13
Ө
Өскемен +28
Ш
Шымкент +23

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер