Таразда педофил ұсталды: үйленген, екі баласы бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда педофил ұсталды: үйленген, екі баласы бар © Facebook

24 қыркүйекте сағат 19:00 шамасында Тараз қаласының ықшамаудандарының бірінде орналасқан көпқабатты үйдің кіреберісінде белгісіз ер адам мас күйде 9 жастағы қызға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасап, оқиға орнынан қашып кеткен, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаменті басшысы Арман Оразалиев Facebook желісіндегі парақшасында жазды.


Осы дерек бойынша Тараз қаласының Полиция басқармасымен Қылмыстық кодекстің 124-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды (жас балаға азғындық әрекет жасау). Қылмысты ашуға полицияның барлық күштері мен құралдары жұмылдырылып, тәжірибелі қызметкерлерден арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.
Кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. 24 жастағы облыс орталығының тұрғыны ұсталып, өз кінәсін толығымен мойындады. Ол үйленген, екі баласы бар. Қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды", - делінген хабарламада. 

Наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерде, сондай-ақ «педофил» санаты бойынша есепте тұрмайды. Аталған баптың санкциясы 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

"Полиция департаменті ата-аналарды мұқият болуға және осыған ұқсас жағдайларды болдырмау үшін жас балаларды қараусыз қалдырмауға ескертеді", - деп түйіндеді полиция департаментінің басшысы. 

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +16
Астана +17
Ақтау +22
Ақтөбе +21
Атырау +22
Б
Балқаш +21
Ж
Жезқазған +14
Қ
Қарағанды +19
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +25
Қызылорда +20
П
Павлодар +22
Петропавл +15
С
Семей +17
Т
Талдықорған +20
Тараз +27
Түркістан +18
О
Орал +11
Ө
Өскемен +23
Ш
Шымкент +20

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер