02 қазан 2019 19:37

Қазақстандықтар анықтаманы танымал мессенджерлер арқылы ала алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов қазақстандықтар анықтамалық ақпарат пен түрлі анықтамалар ала алатын танымал әлеуметтік желілердегі сұхбат-боттарды таныстырды. Қыркүйек айында НИТ компаниясы жаңартылған Телеграмм-бот және Facebook пен "ВКонтактеде" чат-боттарын іске қосты. 


"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов қазақстандықтар анықтамалық ақпарат пен түрлі анықтамалар ала алатын танымал әлеуметтік желілердегі сұхбат-боттарды таныстырды. Қыркүйек айында НИТ компаниясы жаңартылған Телеграмм-бот және Facebook пен "ВКонтактеде" чат-боттарын іске қосты. 

Әсет Тұрысов мессенджерлерде түрлі анықтамаларды қалай оңай алуға болатынын егжей-тегжейлі айтып берді.

- Әлеуметтік желілер барынша танымал болып келеді сол себепті біз мемлекеттік қызметтерді алу үшін қосымша қолайлы қызметтер жасауды шештік. Қыркүйек айында біз тест режимінде чат-боттарды іске қостық және қазір күн сайын пайдаланушылардың көбеюін байқаймыз. Бүгін Telegram-ботта 20 мемлекеттік қызмет алуға болады, ВКонтакте-да19, ал Facebook-те 15 қызметчат-бот арқылы қолжетімді. Күн сайын біз сервистер санын көбейту жолында жұмыс істейміз, келіп түскен әр комментариге жауап беріп, пайдаланушыларымыздың ұсыныстарын ескеруге тырысамыз. - Әсет Тұрысов.

Чат-боттар қалай жұмыс істейді? Пайдаланушылар хабарламаларды жібереді, талдағыш мәтіндік ақпаратты таниды, ал ақылды жүйе адамныңқатысуынсыз операторларға жүктемені бөледі, оларға тіркеу нөмірін береді және орындаушыны тағайындайды. Мұндай тәсіл жұмыс процесін неғұрлым тиімді басқаруға ықпал етеді. Пайдаланушылар, өз кезегінде, орындаушылардың аты мен байланыс деректерін көрсете отырып, олардың өтініштерінің орындалу барысы туралы автоматты түрде хабарлама алады. Мұндай шешім азаматтардың мәселелерін тиімді шешуге, сондай-ақ орындау процесі барысында олармен кері байланысты орнату мүмкіндік береді.

Танымал әлеуметтік желілердің мессенджерлерінде чат-боттарды іске қосу Мемлекеттік қызметтерді ұсыну үшін қосымша алаңдар құру мүмкіндігін береді. Осылайша, пайдаланушы виртуалды кеңесшімен диалог жүргізе отырып, анықтамалық ақпаратты eGov.kz порталына өтпей-ақ ала алады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети