Павлодар облысында атқорадан өрт шығып, тоғыз жылқы өлді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында атқорадан өрт шығып, тоғыз жылқы өлді © ichef.bbci.co.uk

Тілсіз жау Павлодар облысы Павлодар ауданының Ольгинко ауылында тіркелген, - деп хабарлайды "Павлодар жаңалықтары" облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


"Кеше, 8 қазан күні сағат 16.42-де кезекшілік бөліміне № 3 өрт сөндіру бөлімінен 70 шақырым қашықтықта орналасқан шаруа қожалығының аймағында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Шлактан құйылған базаның ағаш құрылымдары мен төбесі жанған. Сондай-ақ, жалын 180 шаршы метр аумақта 4 тонна шөпті шарпып өткен", - делінген хабарламада.

Өрт салдарынан базаның төбесі құлап, 9 бас жылқы оттың астында қалған. Оқыс жағдайдың орын алуына тұрғындардың отты абайсыз қолдануы себеп болған.

"Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр. Оқиға орнына № 3 өрт сөндіру бөлімінен үш адам мен бір автоцистерна, өрт сөндіру зертханасы шықты. Сонымен қатар, жеке құрамнан 16 адам мен үш техника, ерікті өрт сөндіру құрылымдарынан 10 адам мен МТЗ-80 жұмылдырылды", - делінген хабарламада. 

Өрт сағат 19.50-де ауыздықталып, 20.15-те толығымен сөндірілді.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +26
Астана +26
Ақтау +23
Ақтөбе +27
Атырау +25
Б
Балқаш +27
Ж
Жезқазған +27
Қ
Қарағанды +28
К
Көкшетау +28
Қ
Қостанай +30
Қызылорда +28
П
Павлодар +26
Петропавл +25
С
Семей +28
Т
Талдықорған +26
Тараз +35
Түркістан +24
О
Орал +21
Ө
Өскемен +33
Ш
Шымкент +26

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер