10 қазан 2019 09:58

Құрманғазы оркестріне 85 жыл. Алматы мен Нұр-Сұлтанда концерттер өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласы мен Нұр-Сұлтан қаласында Құрманғазы оркестрінің 85 жылдық мерейтойына арналған салтанатты концерттер өтеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі оркестр баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматы қаласы мен Нұр-Сұлтан қаласында Құрманғазы оркестрінің 85 жылдық мерейтойына арналған салтанатты концерттер өтеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі оркестр баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Өнер сүйер қауым үшін 2019 жылдың 15 қазан сағат 19.00 Алматы қаласындағы Республика сарайында және 30 қазан сағат 19.00 Нұр-Сұлтан қаласындағы "ҚАЗАҚСТАН" Орталық концерт залында Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің 85 жылдық мерейтойына арналған салтанатты концерті өтетінін хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың "Қазақтың інжу - маржаны" - деп атаған оркестрі бүгінде бүкіл әлемге халқымыздың музыкалық өнерін, бірегей музыкалық аспаптарын және Ұлы дала әуенінің пәк сұлулығын танытып келеді. Оркестрдің шет мемлекеттердегі Қазақстанның мәдениет күндерінде, әлемнің үздік залдарындағы жеке шығармашылық гастрольдерінде, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен мемлекеттік концерттерде лайықты деңгейде өнер көрсетіп келе жатыр. 

"Аталған кештерде әлемге әйгілі Құрманғазы оркестрімен КСРО халық артисі Б.Төлегенова, Қазақстанның халық артистері Н.Нүсіпжанов, М.Жүнісова, Н.Үсенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері С.Байғожин, Т.Асар, А.Қосанова, Б.Мықтыбаев, С.Майғазиев және тағы да басқа майталмандары өнер көрсетеді. Баршаларыңызды Құрманғазы оркестрінің орындауындағы әсем сазды әуендер мен күйлерді тамашалауға шақырамыз!", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети