10 қазан 2019 13:12

Тоқаев Қазақстанның Кәсіби одақтары күнімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіподақ ұйымдарының қызметкерлері мен кәсіподақ қозғалысының ардагерлерін құттықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіподақ ұйымдарының қызметкерлері мен кәсіподақ қозғалысының ардагерлерін құттықтады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

"Сіздерді Қазақстан Республикасының Кәсіби одақтары күнімен құттықтаймын!

Қазіргі Кәсіби одақтардың қозғалыстары еңбеккерлердің жұмыс орнындағы құқықтары мен еңбек қауіпсіздігінің сақталуын, лайықты еңбекақы мен әлеуметтік кепілдіктер алуын қамтамасыз етеді.

Кәсіподақ ұйымының жетекшілері мен жұмысшылары, қозғалыс белсенділері өздерінің уақыттары мен күш-жүгерін еңбек адамының құқығының сақталуына жұмсап жүрген қайраткерлер.

Сіздердің белсенді өмірлік ұстанымдарыңыз бен ұйымдастырушылық қабілеттеріңіз, шығармашылық күш-қуаттарыңыз отандастарыңыздың өмір сапасын арттыруға бағытталған.

Біздің еліміздің кәсіподақтары еңбеккерлерге лайықты құрмет көрсетілетін жалпыға ортақ еңбек қоғамын құруға ықпал етуде.

Сіздерге қазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау қызметінде жаңа жетістіктер тілеймін.

Кәсіподақтардың әділдік, бірлік және ынтымақтастық қағидаттарына негізделген даңқты дәстүрі беки берсін!", - делінген Президент құттықтауында. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети