Нұр-Сұлтанда Беларусь Республикасы елшілігінің жаңа ғимараты ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда Беларусь Республикасы елшілігінің жаңа ғимараты ашылды © primeminister.kz

Ресми ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр, Беларусь Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Александр Турчин, сондай-ақ, екі елдің іскерлік және дипломатиялық орталарының өкілдері қатысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Этникалық бейнесі мен кең функционалды мүмкіндіктері бар Беларусь елшілігінің жаңа заманауи кешені қаланың қарқынды дамып жатқан ауданында, Қошқарбаев көшесі 9-да орналасқан, оған жақын маңдарда басқа елдердің елшіліктері, конвенционалдық, білім беру, мәдени-ойын-сауық мекемелері, қызмет көрсету және тамақтану кәсіпорындары орналасқан.

Ашылу рәсімі көпқырлы қазақстандық-беларусьтік диалогтың даму тарихында маңызды тармақ болып саналады, ал Қазақстандағы Беларусь жерінің бөлшегі біздің азаматтарымыздың әл-ауқаты мен өркендеуінің өсуіне бағытталған екіжақты қарым-қатынастардың барлық спектрі бойынша өзара тиімді ынтымастастықты арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашылатын жер болмақ. 

Қазақстан Республикасындағы Беларусь Республикасының Елшілігінің Ғимараттар кешенінің жобасын "Тұрғын үй институты - С.С. Атаев атындағы ҒЗЖТҚИ" ММ әзірлеген. 

Елшіліктің ғимараттар кешені әкімшілік ғимараттан тұрады, онда қабылдау залы, конференц-зал, келіссөздер бөлмесі, қызметкерлердің кабинеттері, кітапхана, сондай-ақ тұрғын үй бар, тұрғын үйде 10 пәтер, 2 қонақ үй бөлмесі, жерасты паркингі және Беларусь Республикасы Елшісінің резиденциясы қарастырылған.

Беларусь Елшілігі "дипломаттық орамда" орналасқан, бұл жерде АҚШ, Корея Республикасының елшіліктері, Ресей Елшісінің резиденциясы бар, сондай-ақ бірқатар дипломатиялық өкілдіктердің (ҚХР, БАӘ, Сауд Арабиясы, Өзбекстан ) ғимараттарының құрылысы жүргізілуде. 

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +33
Астана +34
Ақтау +30
Ақтөбе +35
Атырау +33
Б
Балқаш +36
Ж
Жезқазған +33
Қ
Қарағанды +34
К
Көкшетау +34
Қ
Қостанай +38
Қызылорда +30
П
Павлодар +30
Петропавл +33
С
Семей +34
Т
Талдықорған +35
Тараз +39
Түркістан +33
О
Орал +32
Ө
Өскемен +39
Ш
Шымкент +30

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер