Máńgilik El Daýysy: Елордада студенттер арасындағы байқау басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Máńgilik El Daýysy: Елордада студенттер арасындағы байқау басталды

Máńgilik El Daýysy музыка жобасының ұйымдастырушылары тағы бір байқау жариялады. Бұл жолы билеттерді астаналық университеттердің студенттері ұтып ала алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


9 қарашада Нұр-Сұлтанда сағат 19:00-де шоуға өнер жұлдыздары әндерін жанды дауыста орындайды. Жоба көрермендерді ерекше қойылымдар, әдемі безендірумен қуантып, сондай-ақ тыңдармандардың әртістермен бірге ән айтуға мүмкіндік болады. Хит әндердің мәтіндері көрермендерге ыңғайлы болу үшін LED-экрандарға шығарылады.

"Máńgilik El Daýysy концертіне Нұр-Сұлтан университеттерінің студенттері билет ұтып алатынын қуана хабарлаймыз. Ол үшін қарапайым шарттарды орындау керек. Қатысыңыздар, біздің шоуға келіп, бүкіл елмен ән шырқаңыздар", - дейді шоудың режиссері Марина Ожерельева.

Шоуға билет ұтып алу үшін:

1. Өзіңізге ұнайтын қазақша әнді орындап, видеоға түсіру;
2. Видеоны университетің Instagram-парақшасына #BirgeAnSal хэштегімен жариялау;
3. Байқау нәтижесін күту.

Жеңімпаздар 2019 жылдың 4 қарашасында белгілі болады.

"Ең көп лайк жинаған видео жеңімпаз атанады. Сол университет шоуға билет ұтып алады. Сондай-ақ концертте өнер көрсететін барлық жұлдыздың қолтаңбасы бар сертификат беріледі", - деді Марина Ожерельева.

"Máńgilik El Daýysy - әртүрлі жастағы тыңдармандардың басын қосатын шоу. Ол тек жастарға ғана емес, сонымен қатар жасы үлкен адамдарға да қызықты болады. Себебі концертте қазақтың халық әндері де шырқалатын болады", - дейді режиссер. Еске салайық, концерт қонақтары - Ерке Есмахан, Айқын, Нұржан Керменбаев, Raim & Artur, Ерболат Құдайберген және Орда тобы. Жоба ұйымдастырушысы - Pantograph продюсерлік орталығы мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, ақпараттық қолдау - Alash Media Group холдингі.

Máńgilik El Daýysy концертіне тағы қалай билет ұтып алуға болады?

Билеттерді ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +31
Астана +34
Ақтау +30
Ақтөбе +35
Атырау +32
Б
Балқаш +36
Ж
Жезқазған +31
Қ
Қарағанды +32
К
Көкшетау +34
Қ
Қостанай +39
Қызылорда +24
П
Павлодар +28
Петропавл +31
С
Семей +33
Т
Талдықорған +33
Тараз +39
Түркістан +32
О
Орал +31
Ө
Өскемен +38
Ш
Шымкент +32

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер