Биыл Қазақстан мен Қытайдың сауда айналымы 26 пайызға артты

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биыл Қазақстан мен Қытайдың сауда айналымы 26 пайызға артты

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің Үкіметтер басшылары кеңесінің (ҮБК) 18-ші отырысына қатысу үшін Ташкент қаласына жасаған сапары аясында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен екіжақты кездесу өткізді, - деп хабарлайды primeminister.kz.


"Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл қыркүйек айында ҚХР-ға жасаған алғашқы мемлекеттік сапары барысында біздің мемлекеттеріміздің басшылары қол қойған ҚР-ҚХР Бірлескен мәлімдемесі екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті нақтылады", - деді А.Мамин.

Қытай Қазақстанның аса ірі сауда серіктесі. Соңғы уақытта екі ел арасындағы сауда көлемі едәуір арттырылды. 2019 жылдың 8 айында екіжақты сауда көлемі 26 пайызға артып, 9,2 миллиард доллар болды.

Тараптар сауда-экономикалық, индустриялық, инвестициялық, энергетикалық, көлік-логистикалық ынтымақтастық, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу, электронды сауда, АХҚО дамыту салаларындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау мәселелерін талқылады.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +29
Астана +30
Ақтау +29
Ақтөбе +33
Атырау +32
Б
Балқаш +36
Ж
Жезқазған +30
Қ
Қарағанды +30
К
Көкшетау +33
Қ
Қостанай +36
Қызылорда +23
П
Павлодар +29
Петропавл +30
С
Семей +33
Т
Талдықорған +32
Тараз +37
Түркістан +31
О
Орал +27
Ө
Өскемен +36
Ш
Шымкент +33

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер