5-20-25: Жаңа бағдарлама бойынша кімдерге баспана беріледі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

5-20-25: Жаңа бағдарлама бойынша кімдерге баспана беріледі?

Қазақстанда баспананың қолжетімді болуы үшін тағы бір бағдарлама енгізіледі, мұнда басты шарт қазақстандықтардың табыс деңгейі болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында индустрия мен инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты. 


Үкімет 2020-2025 жылға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасының жаңа жобасын мақұлдады.

"Бірыңғай тұрғын-үй саясатын жүзеге асырудың" бірінші тапсырмасы аясында баспана қолжетімділігі сатысы енгізіледі. Халықтың табысы негізгі фактор болады. Отбасы мүшесі үшін бір күнкөріс минимумы - 29,7 мың теңге табысы бар кезектегі адамдарға жетім балалар, 1 және 2-топтағы мүгедектер, зейнеткерлер мен басқалар үшін сатып алуға болмайтын жалдамалы баспана беріледі", - деді Атамқұлов. 

Оның айтуынша, "Бақытты отбасы" бағдарламасы кезектегілерге қолжетімді болып қала береді, олардың санатына кіретіндер - екі күнкөріс минимумы - 59,4 мың теңге табысы бар көпбалалы, толық емес және мүгедек баласы бар отбасылар. 

"3,1 күнкөріс минимумы - 92 мың теңге табысы бар кезектегілер "5-20-25" бағдарламасы бойынша әкімдіктің кредиттік баспанасына үміткер болады, олар - әскери қызметкерлер, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттегілер. 3,1 күнкөріс минимумынан жоғары табысы бар тұрғындарға "7-20-25" бағдарламасы қолжетімді", - деді Атамқұлов. 

Оның сөзінше, бес күнкөріс минимумы - 148,5 мың теңгеден жоғары табысы бар қазақстандықтар баспана алу үшін "Баспана-хит", "Орда", "Свой дом" секілді нарықтық бағдарламаларды пайдалана алады. 

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +21
Астана +20
Ақтау +24
Ақтөбе +24
Атырау +27
Б
Балқаш +23
Ж
Жезқазған +19
Қ
Қарағанды +20
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +24
Қызылорда +15
П
Павлодар +18
Петропавл +16
С
Семей +19
Т
Талдықорған +19
Тараз +27
Түркістан +22
О
Орал +17
Ө
Өскемен +26
Ш
Шымкент +25

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер