Qazaqstan Ұлттық телеарнасында "Қазақ елі" тарихи сериалының көрсетілімі басталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Qazaqstan Ұлттық телеарнасында "Қазақ елі" тарихи сериалының көрсетілімі басталады

Бүгін Qazaqstan Ұлттық телеарнасында сағат 23:25-те ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша түсірілген "Қазақ елі" тарихи сериалының көрсетілімі басталады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі министрліктің Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап. 


"Тарихи кинотуындының режиссері - Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссер, сценарист және суретші Рүстем Әбдірашов. Ол "Құрақ көрпе", "Қаладан келген қыз", "Сталинге сыйлық", Елбасы жолы киноэпопеясының: "Балалық шағымның аспаны", "От-өзен", "Теміртау", "Тығырықтан жол тапқан" кинотуындыларының және "Қазақ елі" сериалының авторы. "Қазақ хандығы. Алмас қылыш" фильмі тарихи "Қазақ елі" кинодиологиясының бірінші бөлімі", - делінген хабарламада. 

Бұл ауқымды тарихи жобаның идея авторы - ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

"Фильмнің сценарийі Ілияс Есенберлиннің "Алмас қылыш" романының желісі бойынша жазылған. Бұл фильм Керей мен Жәнібек хандардың хандық құрып, ірге кеңейту, мемлекеттің босағасын бекемдеу барысын суреттейді", - делінген хабарламада. 

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +23
Астана +21
Ақтау +28
Ақтөбе +23
Атырау +28
Б
Балқаш +26
Ж
Жезқазған +19
Қ
Қарағанды +20
К
Көкшетау +20
Қ
Қостанай +28
Қызылорда +14
П
Павлодар +17
Петропавл +15
С
Семей +19
Т
Талдықорған +20
Тараз +28
Түркістан +21
О
Орал +17
Ө
Өскемен +26
Ш
Шымкент +25

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер