Елімізде жылына қанша тонна уран өндіріледі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде жылына қанша тонна уран өндіріледі?

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин "Росатом" мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


"Атом саласындағы ынтымақтастық біздің елдеріміздің арасындағы екіжақты қарым-қатынастарда маңызды орын алады. Бүгінде бағыттардың кең спектрі бойынша бірлескен жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деді Асқар Мамин. 

Қазақстанда 5 қазақстандық-ресейлік бірлескен уран өндіруші кәсіпорын жұмыс істейді: "Заречное" БК АҚ, "Қаратау" ЖШС, "Ақбастау" БК" АҚ, "ОТХК" БК" ЖШС, "Хорасан-U" БК" ЖШС. 2018 жылы олар 8427 тонна уран (ҚР-да уран өндірудің барлық көлемінен 38,8 пайыз), осы жылдың 9 айында - 6645,8 тонна уран өндірді. 

Тараптар атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының кешенді бағдарламасын жүзеге асыру барысын, соның ішінде уранды өндіру және байыту, ғылыми-техникалық және инновациялық даму саласындағы, сондай-ақ Атом Қуаты Халықаралық Агенттігімен Төмен байытылған уран банкі бойынша өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +20
Астана +18
Ақтау +24
Ақтөбе +23
Атырау +26
Б
Балқаш +22
Ж
Жезқазған +17
Қ
Қарағанды +18
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +22
Қызылорда +13
П
Павлодар +16
Петропавл +15
С
Семей +19
Т
Талдықорған +22
Тараз +25
Түркістан +20
О
Орал +14
Ө
Өскемен +24
Ш
Шымкент +24

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер