Нұр-Сұлтанда және бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда және бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтанда және бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтан қаласында 8 желтоқсанда бұрқасын, көктайғақ сақталады, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні секундына 15-20 метр. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 пайыз.

8 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші секундына 15-20 метр. Көкшетау қаласында 8 желтоқсанда жолдарда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 пайыз.

8 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде секундына 15-20 метр күтіледі.

8 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман сақталады. Күндіз солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күшеюі кей жерлерде секундына 15-20 метр күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 95-100 пайыз

8 желтоқсан Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде секундына 15-20 метр күтіледі. Петропавл қаласында түнде 8 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метр. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 пайыз.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +31
Астана +26
Ақтау +32
Ақтөбе +31
Атырау +30
Б
Балқаш +34
Ж
Жезқазған +26
Қ
Қарағанды +27
К
Көкшетау +33
Қ
Қостанай +36
Қызылорда +24
П
Павлодар +27
Петропавл +22
С
Семей +32
Т
Талдықорған +30
Тараз +39
Түркістан +27
О
Орал +22
Ө
Өскемен +37
Ш
Шымкент +28

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер