08 желтоқсан 2019 12:27

Алматыда күмәнді қорап табылған көше қоршауға алынды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Tengrinews.kz Сурет: Tengrinews.kz

Алматыда тұрғындар хабарлаған күмәнді қорапқа байланысты көше жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда тұрғындар хабарлаған күмәнді қорапқа байланысты көше жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияға Саин көшесі мен Төле би даңғылының қиылысында күмәнді қорапша жатқаны туралы хабар түскен. 

"Қаланың шұғыл және жедел қызметтері бірінші кезекте тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көшені қоршап, патруль полициясы көлік құралдарының жүру бағытын өзгертті", - деп хабарлады полиция өкілі.

Тексерістен кейін күдік сейілді, қорапта қауіпті заттар табылмады. Алматы қалалық полиция департаменті тұрғындардың сақтығы үшін ризашылығын білдіреді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети