09 желтоқсан 2019 11:06

Мектеп директоры қызметіне тағайындау үшін пара алған шымкенттік шенеунікке айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Шымкент қалалық білім басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушысы жемқорлық үшін айыпталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен осыған дейін жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен Шымкент қалалық білім басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушысы Ж. Д. Базароваға қатысты тергеу шараларын аяқтаған. 

"Ол орта мектептің білім жөніндегі меңгерушісіне мектеп директорының лауазымына тағайындалу үшін тест тапсыруға жәрдем бергені үшін оның 400 мың теңге қаражатын алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы иемденді деген күдікке түскен. Биыл 6 желтоқсанда Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының үкімімен Ж. Д. Базарова алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға өмір бойына құқығынан айыру мен 3 миллион теңге айыппұл салынды", - делінген хабарламда. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети