10 желтоқсан 2019 09:05

Жамбыл облысында бірден 20-ға жуық көлік жол апатына ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр. © astanatv.kz Видеодан алынған кадр. © astanatv.kz

Жамбыл облысында бір мезетте 20-ға жуық көлік жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.


Жамбыл облысында бір мезетте 20-ға жуық көлік жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Ақшолақ ауылы маңындағы "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" автодәлізінің 472-шақырымында болды. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Тек екі адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Апатқа ұшырағандар арасында Қордайдан Таразға ауырған адамды алып келе жатқан жедел жәрдем көлігі де бар. Жол-көлік оқиғасы қалың тұман мен жаңбырдан кейінгі көктайғақ кесірінен болған. Тайғанақтап тоқтай алмаған темір тұлпарлар бір-біріне соғылған. Осы оқиғадан кейін бір сағатқа жуық жол қозғалысы тоқтатылды. Әзірге көлік жүргізушілерінің шығыны белгісіз.

"Кінәлі кім? Біріншіден, әр жүргізушінің өзі кінәлі деп есептейміз. Өйткені біріншіден тұман, екіншіден жолдың үстінде мұз болған. Жүргізушілер соны ескермеген. Оның ішінде екі жүк көлігі болып отыр. Сонымен қатар, бір жедел-жәрдем көлігі науқасты алып келе жатқан, жағдайы жақсы. Ол фельдшер оң көзін жарақаттап, ауруханаға жеткізілді", - деді облыстық полиция департаменті Полиция қызметі басқармасы басшысының орынбасары Самат Құсайынов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети