14 желтоқсан 2019 13:44

Астаналықтарға жалдамалы пәтер кілті табысталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Elorda Aqparat © Elorda Aqparat

Бүгін елордада жұмыс істейтін жастарға жалдамалы пәтер кілті табысталды, - деп хабарлайды Елорда Инфо.


Бүгін елордада жұмыс істейтін жастарға жалдамалы пәтер кілті табысталды, - деп хабарлайды Елорда Инфо.

"Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа баспанаға ие болып жатырсыздар. Біріншіден, бұл Елбасымыз - ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының "Жастар жылы" деп жариялаған бағдарламасының аясында, екіншіден, Қасым-Жомарт Кемелұлының Нұр-Сұлтан қаласындағы 1050 пәтер тек жастарға беру туралы тапсырмасы аясында іске асты. Біз бұл тапсырманы орындадық. Міне, 1050 жас осы пәтерге қол жеткізіп отыр. Одан бөлек 500-ден аса пәтер аз қамтылған отбасыларға беріледі. Сондай-ақ Ескі және апатты үйлерді сүру бағдарламасы бойынша 150-ге жуық пәтер беріледі. Жастар елге аянбай еңбек етуі үшін осылай баспанамен қамтуды жүзеге асырып жатырмыз. Үйдің бірінші қабатында шағын орталық, емхана, полиция учаскесі болады. Бәрі бір жерде болуы үшін барынша жағдай жасалып жатыр", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Айта кетсек, елорданың жұмыс істейтін жастары үшін пәтерді жалдап тұруға құжат қараша айының 5 мен 12 аралығында www.smart.astana.kz порталында электронды түрде өткен болатын. Осы уақыт аралығында 6 366 адамнан өтінім келіп түсіп, оның 3520-сы байқауға қатысуға жіберілген.

"Мен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің кадр бөлімінде жұмыс істеймін. Бұл бағдарлама туралы ұжымдағы әріптестерімнен естіп, құжат тапсырдым. Кеше бізге хабарласып, құжатымыз өткенін айтып құттықтады. Бастапқыда сенген жоқпыз. Біз үшін мемлекет тарапынан осындай көмек болғаны үшін өте қуаныштымыз. Елордада тұрғанымызға 10 жыл, отбасы құрғанымызға 6 ай болды", - деді баспаналы болған Айдана Қайролла.

Еске сала кетсек, "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019-2021 жылдары Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында жыл сайын 1 мың жұмыс істейтін жасқа тұрғын үйлерді жалға беру қарастырылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети