Украиналық лайнерді Иранның әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері атып құлатқан - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украиналық лайнерді Иранның әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері атып құлатқан - БАҚ

"Международные авиалинии Украины" әуекомпаниясының Boeing 737-800 ұшағын Тегеранда Иранның зенит-зымыран кешені атып құлатқан. Мұндай нұсқаны Newsweek газетіне Пентагон өкілі, АҚШ барлау қызметінің жоғары лауазымды өкілі әрі Ирак арнайы қызметінің қызметкері айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.


Спикер басылымға берген сұхбатына қарағанда, Пентагонның пайымынша, украиналық лайнер "қателіктен" атып түсірілген. 

CBS News басылымы болса өз дереккөзіне сілтеме жасай отырып, америкалық жерсеріктердің "жер-әуе" типіндегі екі зымыранның инрақызыл "жарқылын" тіркегенін хабарлады.

АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы бұл мәселеде пікір білдіруден бас тартқан.

Мұның алдында Интернетте Иранда Boeing 737-800 құлаған орыннан түсірілген деген бірнеше сурет пайда болды.

Еске салайық, Киевке бағыт алған Boeing 737-800 ұшағы таңғы уақытта Тегерандағы әуежайдан ұшып шыққан бетте апатқа ұшыраған. Ресми мәлімет бойынша, 176 адам қаза тапқан: 167 жолаушы Иран, Украина, Канада, Германия, Швеция, Ауғанстан азаматтары және экипаждың 9 мүшесі.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +20
Астана +19
Ақтау +26
Ақтөбе +23
Атырау +23
Б
Балқаш +25
Ж
Жезқазған +13
Қ
Қарағанды +24
К
Көкшетау +20
Қ
Қостанай +27
Қызылорда +14
П
Павлодар +21
Петропавл +16
С
Семей +19
Т
Талдықорған +24
Тараз +29
Түркістан +18
О
Орал +13
Ө
Өскемен +24
Ш
Шымкент +21

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер