15 қаңтар 2020 12:14

Қазақстанға мембасқарудың жаңа моделі қажет - Тоқаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік басқарудың жаңа моделі қажет деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік басқарудың жаңа моделі қажет деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазақстанға қоғамның сұранысына сай, тиімді және әділ мемлекеттік басқарудың жаңа моделі қажет. Бұл ретте ол ең заманауи технологияларды пайдалануға негізделуі тиіс", - деп атап өтті Мемлекет басшысы Жастар кадрлық резерві мүшелерімен кездесу барысында.

Тоқаев әрбір дауыс естілуі тиіс деп мәлімдеді. "Бұл үшін тиісті саяси тетіктерді дамыту керек. Нақты өңір тұрғындарының мемлекеттік шығыстарға қатысты пікірін ескеру мақсатында халықтық қатысу бюджетінің жобасы іске асырылатын болады. Ашық үкімет порталы азаматтардың маңызды шешімдерді талқылаудағы мүмкіндіктерін кеңейтуі тиіс", - деді Президент.

Тоқаевтың айтуынша, кез келген жүйенің өміршеңдігінің басты заңы - тұрақты даму мен жетілдіру.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети