15 қаңтар 2020 14:47

"Қазақстанда табысым жақсы еді". "Қайраттың" экс-футболшысы Еуропаға кету себебін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© sportdziennik.com © sportdziennik.com

Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Георгий Жуков алматылық "Қайраттан" кетіп, Польшаның "Висла" командасына не үшін қосылғаны туралы айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Георгий Жуков алматылық "Қайраттан" кетіп, Польшаның "Висла" командасына не үшін қосылғаны туралы айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

2017 жылдан бері "Қайратта" ойнаған футболшы өткен маусымның соңында Польша чемпионатына ауысқан еді. 

"Келіссөздер тез өтті. Ұзақ ойланбадым. Клубтан да көп ештеңе талап етпедім. Қазақстанда табысым жақсы болды. Польша чемпионаты - мен үшін алға жылжу деп шештім. "Висланың" жарыс кестесінде нешінші орында екенін білемін, бірақ маған әр аптада жоғары деңгейдегі матч өткізу маңызды. Польша чемпионаты Қазақстан біріншілігіне қарағанда мықтырақ. Оған қоса оны еуропалық скауттар бақылайды. 

"Вислаға" кез келген жағдайда келуге әзір болдым. Тіпті ішер асым мен жатар жерімді ғана төлейміз десе де. Бұл футболшы ретінде менталды тұрғыда жаңаруым үшін қажет еді", - деді Георгий Жуков Sportdziennik басылымына берген сұхбатында.

Еске салайық, "Қайрат" ФК осыдан үш жыл бұрын футболшы үшін Ресейдің "Урал" командасына миллион еуро төлеген еді, алайда алматылық клубтан Георгий Жуков Польшаға тегін ауысты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети