15 қаңтар 2020 15:47

XVI Халықаралық Жәутіков олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astana.gov.kz © astana.gov.kz

8-14 қаңтар аралығында Алматыда XVI Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Оның қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының оқушылары 11 медальды иемденді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.


8-14 қаңтар аралығында Алматыда XVI Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Оның қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының оқушылары 11 медальды иемденді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Халықаралық Жәутіков олимпиадасы Қазақстан, Ресей, Болгария, Румыния, Грузия және басқа елдерден келген физика-математика бағытындағы мектеп оқушыларының білімін бағалайтын командалық жарыс болып табылады.

Олимпиаданың ерекшелігі - физика, математика, информатика пәндері бойынша тапсырмалардың орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде берілуінде. Әрбір команда құрамы 3 математик, 2 физик, 2 информатиктен тұрады. Биылғы жылы дәстүрлі олимпиадаға әлемнің 21 елінен 599 оқушы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының командасы жоғары нәтиже көрсетті. Алтын медальды математика пәнінен "NURORDA" лицейінің 11-сынып оқушысы Бибігүл Конкаева жеңіп алды. Ал дарынды балаларға арналған "Білім-инновация лицейінің" оқушылары Данат Дүйсембеков, Сам Фетуддах, Марлен Раушанов, Бексұлтан Әбдікәрімов күміс медальға ие болды. Қола медальды аталмыш оқу орындарының оқушылары Абылай Ашкен, Нұрлыбек Таубақабыл, Аманбол Қанатұлы, Жеңіс Әліби, Эльдар Құсдавлетов, Асанәлі Рахметолла қанжығаларына байлады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети