07 ақпан 2014 | 21:20

2014 жылға ЖЭК тарифі белгіленді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

"Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов елімізде жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) қолдау жүйесін дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді" деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтына сілтеме жасап. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрлік Еуропалық Одақ мемлекеттерінің тәжірибесі зерделеніп, оның ішінде бірқатар елдерде ЖЭК секторын дамыту барысында жіберілген кемшіліктері талданған болатын. Сонымен, жел, күн, биогаз және гидростансаларда өндірілетін энергияға белгіленетін тарифтер бойынша ұсыныстар қаралды. Бұл тарифтер бенчмаркинг негізінде, яғни ЖЭК секторын дамытып жатқан елдердің тәжірибесін бағалау және сол елдердегі «таза» электр энергиясы бағаларымен салыстыру нәтижелеріне сүйеніп белгіленіп отыр. Н.Қаппаровтың айтуынша, 2014 жылы белгіленіп, 15 жыл өзгермей қолданылатын тарифтер жел электр стансаларына (ЖЭС) 1 кВт/сағ үшін 19 теңге (немесе 9,5 еуроцент шамасында), күн электр стансалары (КЭС) үшін - 29 теңге (шамамен 14,5 еуроцент), шағын гидростансалар (ГЭС) үшін - 14 теңге (шамамен 7 еуроцент) және биогаз құрылғылары (БГҚ) үшін - 27 теңге (13,5 еуроцент) деңгейінде белгіленбек. Бұдан басқа, 2020 жылға дейін ЖЭК жобаларын іске асыруға лимит белгілеу ұсыныстары қаралды. Бұл шектеулер ЖЭК жобаларын іске асыруды түр жағынан да, тұтыну аумақтары жағынан да реттеп, осы мақсаттарға жер бөлу және желіге қосу мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Тұтастай алғанда, ұсынылған лимит жалпы белгіленген қуаттылықтың 1850 МВт-ын құрап, оның 1300 МВт-і - ЖЭС-қа, 500 МВт-і - КЭС-ке, 50 МВт-і - БГҚ-қа бөлінетін болады. Аймақтар бойынша лимиттер былайша бөлінеді: ЖЭС бойынша - 1050 МВт орталық аймаққа, 250 МВт батыс аймаққа, КЭС бойынша - 400 МВт орталық аймаққа және 100 МВт батыс аймаққа, БГҚ бойынша - 40 МВт орталық аймаққа және 10 МВт батыс аймаққа бөлінеді, деп нақтылады ҚОСРМ басшысы. Сондай-ақ, тарифтерді жыл сайын инфляция деңгейіне сәйкес индекстеу мәселелері және электр энергиясын сатып алу жүйесінің бірыңғай сатып алушысы - ЖЭК-ті қолдау жөніндегі есептеу-қаржылық орталығынан жүргізілу шаралары талқыланды. Тұтастай алғанда, Үкімет басшысы ЖЭК-ті қолдау жүйесін, тарифтер көлемдерінің, лимиттеу жолдарын және іске асырылу принциптері жобаларын мақұлдады. Жүйе айтарлықтай көп инвестициялар тарту мен сондай-ақ соңғы тұтынушылар үшін тәуекелдерді азайтуға бағытталған.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 515.11  course down  535.94  course down  5.16  course down

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer