23 желтоқсан 2023 16:00

Air Astana әуе кемесін жолаушыларға ескертпестен Fly Arystan-ға ауыстыруды жиілеткен: вице-министр тапсырма берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Air Astana әуекомпаниясының әуе кемелерін жолаушыларға алдын ала хабарламасыз Fly Arystan әуе кемелеріне ауыстыру жағдайларының көбеюіне байланысты Air Astana АҚ-мен жұмыс кеңесін өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2023 жылдың өткен кезеңінде Air Astana әуе компаниясы 31 588 рейсті орындады, оның ішінде 226 рейсте Air Astana әуекомпаниясының әуе кемелері Fly Arystan-ға ауыстырылды, бұл - орындалған рейстердің жалпы санының 0,7 пайызы.

"Air Astana" әуекомпаниясына бірнеше тапсырма берілді:

Air Astana әуе кемелерін Fly Arystan әуе кемелеріне ауыстыру практикасын барынша азайту жөнінде шаралар қабылдау;
әуе кемелерін ауыстырған жағдайда жолаушыларды алдын ала хабардар ету бойынша жұмысты орнату және қамтамасыз ету;
әуе кемені ауыстырған жағдайда жолаушыларға өтемақы төлеу тәртібі бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Air Astana резервтік әуе кемелерінің санын 1-ден 2-ге дейін ұлғайту жөнінде шаралар қабылдау.
Көлік министрлігі рейс мәртебесі өзгерген кезде жолаушылар құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізу бойынша жұмысты жалғастырады және бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік шаралар қабылдайтынын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети