Ақтөбе "Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясына белсенді қатысуда

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

1 тамыз күні "Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Ақтөбе облысында "Таза кәсіп – Таза аймақ" акциясы өтті.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

1 тамыз күні "Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Ақтөбе облысында "Таза кәсіп – Таза аймақ" акциясы өтті.

​Акция аясында Ақтөбе облысындағы шағын, орта және ірі бизнес ұйымдары өздеріне іргелес аумақтар мен аулаларды тазартты.

​Ақтөбе қаласының әкімдігі "Ақтөбе қаласының кәсіпорындары және ұйымдары арасындағы абаттандырылған аумақ" байқауын жариялаған болатын.

​Байқаудың мақсаты – қаланың сыртқы келбетін жақсартуға ықпал ету, санитарлық жағдайды жақсарту, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қалалық кәсіпкерлік нысандарының арасында ең жақсы абаттандырылған аумақты анықтау.

​Байқауға 14 кәсіпкерлік нысан қатысты. Олардың қатарында "Динар-Электромаш" ЖШС, "Jadyra'S" және "Классик" сауда үйлері, "Інжу", "Жас отау" мейрамханалары, "Дару жарығы" офтальмологиялық орталығы сияқты белгілі ұйымдар бар.

​Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарға мерекелік шара ұйымдастырылып, Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет Алғыс хаттар және естелік сыйлықтар табыстады.

"Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміз бойынша "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы бастау алған болатын. Акция 5 кезең бойынша ұйымдастырылды. Акцияға қаламызда 120 мыңнан астам адам қатысты. Оның ішінде 3 мыңнан астам мекеме мен кәсіпорындар үлес қосты. Көшелер, саябақтар, скверлер, ғимараттар алаңдары ретке келтірілді. Осы "Таза Қазақстан" шарасы аясында қаламыздағы кәсіпкерлік нысандар арасындағы "Абаттандырылған аумақ" конкурсы жарияланған болатын. Бүгін, міне байқау жеңімпаздарын марапттау үшін жиналып отырмыз. Шараға қолдау көрсетіп, белсене қатысқан азаматтарға, кәсіпорындар ұжымдарына алғысымды білдіремін. Шын мәнінде, шаһарымызды көгалдандыру, абаттандыру – үлкен маңызы бар іс. Бұл бүгін шығып, ертең ұмытып кететін бір реттік науқан емес. Сондықтан, қала тұрғындарын бұдан әрі де өз үйін, өз ауласын, өз көшесін таза ұстауға қатысуға шақырамын", - деді Азамат Бекет.

Сондай-ақ, осы шарада "Энергия" сауда үйінің қызметкері Нина Доценко шарадан алған өз әсерімен бөлісті. Оның пікірінше, жалпыұлттық экологиялық акция өткізу бастамасы біздің облыс үшін де, жалпы ел үшін де өте өзекті.

"Бүгін біз ертеңгі күніміздің тазалығына жауаптымыз. Алдағы уақытта осындай игі шараларға атсалысатын жанашыр азаматтардың қатары көбейеді деп ойлаймын", - деп атап өтті Нина Владимировна.

​Айта кетейік, "Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Ақтөбе облысында елді мекендерді көгалдандыру, абаттандыру, өзендердің, көлдердің, бұлақтардың жағалауларын тазарту және т. б. бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізілді.

​Жалпы, ақтөбеліктер ел Президентінің үндеуін зор ықыласпен қабылдап, өткізіліп жатқан барлық шараларға белсене атсалысуда.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Материалды Ақтөбе облысының әкімдігі ұсынды
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer