30 қыркүйек 2023 09:04

Ақтөбеде бейтаныс қыз үш апталық нәрестені шайханаға тастап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Ақтөбелік полицейлер тастанды баланың анасын іздеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Ақтөбелік полицейлер тастанды баланың анасын іздеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

29 қыркүйекте жедел басқару орталығының "102" пультіне орталық базар ауданындағы шайханада жаңа туған бала табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына барған ювеналдық полиция бөлімінің қызметкерлері таңертең сағат 10:00-де бейтаныс қыздың үш апталық нәрестені шайханаға тастап кеткенін анықтады.

Қыз шайханадағы әйелге барып ақша алып келгенше балаға бірнеше минут қарай тұруын өтінген. Кешке дейін күткен әйел баланы тастап кеткен қыз келмеген соң полицияға қоңырау соққан.

Нәресте полиция бөліміне жеткізіліп, жедел медициналық бригада шақырылды. Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы бірқалыпты.

Ақтөбенің №3 ҚПБ ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің инспекторы баланың жаялықтарын ауыстырып, тамақтандырып, сәбилер үйіне жеткізді.

Қазіргі уақытта баланы тастап кеткен әйелді іздеу бойынша жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети