18 наурыз 2023 | 14:31

"Ақыры тұрмысқа шығып жатыр". Жанар Дұғалованың ұзату тойынан видеолар тарады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Танымал әнші, актриса Жанар Дұғалованың ұзату тойынан видеолар тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Танымал әнші, актриса Жанар Дұғалованың ұзату тойынан видеолар тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Видеоны әншілер Маржан Арапбаева мен Мәдина Сәдуақасова Instagram-дағы сторисіне салды.

"Сәлем, достар! Сонымен, уәде бергендей, мен сіздерге айтайын. Бүгін біздің құрбымыз, супер-әнші, сіңліміз Жанар Дұғалова наконец-то тұрмысқа шығып жатыр. Керемет! Бүгін ұзату тойы", - деді әншілер.

Сонымен бірге Маржан Арапбаева мен Мәдина Сәдуақасова Жанар Дұғалова мен әкесінің вальс билеп жүрген видеосын салды.

"Әкесі мен қызының биі. Қандай әдемі көрініс. Бақытты бол, Жанара", - деп жазды Маржан Арапбаева.

Еске салайық, бұған дейін Жанар Дұғалова Тимур Балымбетовке берген сұхбатында жақында тұрмысқа шығатынын айтқан еді.

Сол кезде әншінің менеджері мұны Massaget.kz тілшісіне де растаған.

"Иә, рас. Жақында тұрмысқа шығады. Той Астанада өтеді", - деп жауап берді әншінің менеджері Нұржауан.

Жанар Дұғалова - қазақстандық әнші, актриса, Türkvizyon 2014 байқауының жеңімпазы, KeshYou тобының экс-солисі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Пройти опро
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.81  course up  542.31  course up  5.25  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer