Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар

Алдағы 3 тәулікте күн жауын-шашынсыз болады 22 наурыз 2023, 13:52

"Қазгидромет" РМК 23-25 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

"Қазгидромет" РМК 23-25 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің болжамына қарағанда, алдағы 3 тәулікте күн жауын-шашынсыз болады.

"Қазақстан аумағының басым бөлігі бұрынғысынша антициклонның ықпалында болады, күн ашық және бір қалыпты жылы ауа райы сақталады. Тек солтүстікте және солтүстік-батыста 23 наурызда оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында циклон ойпатының әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады", - деп хабарлады синоптиктер.

Республика бойынша тұман түседі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, солтүстік пен солтүстік-батыста жел күшейеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram