Алматы облысында “Асыл арман“ тұрғын үй кешеніндегі өрт видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында “Асыл арман“ тұрғын үй кешеніндегі өрт видеоға түсіп қалды Бейнеден алынған кадр

Куәгерлер Алматы облысындағы ірі тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт шыққанын хабарлады. Жағдайға қатысты өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Куәгерлер Алматы облысындағы ірі тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт шыққанын хабарлады. Жағдайға қатысты өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өрт кадрлары

Оқиға куәгерлері болған жайтты бейнежазбаға түсіріп, TikTok желісінде жариялаған. Кадрларға қарағанда оқиға орнында бірнеше өрт сөндіру машинасы жұмыс істеп, өртті сөндіру барысын ондаған адам бақылап тұрған.

Видеодан алынған кадрлар/TikTok

ТЖД не дейді?

Ведомство мәліметінше, Алматы облысының Іргелі ауылында тоғыз қабатты үйдің жетінші, сегізінші және тоғызыншы қабаттарындағы балкондар өртеніп, жалын жетінші және сегізінші қабаттардағы пәтерлерге тарады.

ТЖМ-нің алғашқы бөлімшелері жеткен кезде жетінші және сегізінші қабаттардағы балкондар ашық жанып жатқан. Өрт тез таралған.

"Алғашқы бөлімшелер келгенге дейін 50 адам, оның ішінде 15 бала өздігінен эвакуацияланды. Құтқарушылар дереу өртті сөндіруге кірісіп, жалынның одан әрі таралуына жол бермеді", - деп нақтылады ведомство өкілдері.

Құтқарушылар көпқабатты үйдегі өртті сөндірді. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.

Анықтама: Желідегі мәліметтерге сүйенсек, "Асыл арман" ТК - Алматы облысы Қарасай ауданындағы (Іргелі ауылы) 72 тоғыз қабатты үйден тұратын ірі тұрғын үй алабы.

Тағы оқыңыз: Астанадағы ірі өрт: жанып жатқан коттеджден бала құтқарылды

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 472.64   551.26   6.61 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +22
Астана +25
Ақтау +22
Ақтөбе +29
Атырау +32
Б
Балқаш +31
Ж
Жезқазған +26
Қ
Қарағанды +25
К
Көкшетау +27
Қ
Қостанай +31
Қызылорда +25
П
Павлодар +29
Петропавл +21
С
Семей +25
Т
Талдықорған +24
Тараз +30
Түркістан +31
О
Орал +18
Ө
Өскемен +25
Ш
Шымкент +23

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер