07 желтоқсан 2023 19:41

Алматы облысында "Жайлы мектеп" жобасы бойынша 53 мектеп салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: depositphotos.com Фото: depositphotos.com

Қазақстан Республикасының Білім министрлігі Мемлекет басшысының жаңадан ұсынылған "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы туралы тапсырмасын орындау мақсатында Алматы облысы бойынша 54 600 оқушыға арналған 53 мектептің тізімін бекітті.


Қазақстан Республикасының Білім министрлігі Мемлекет басшысының жаңадан ұсынылған "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы туралы тапсырмасын орындау мақсатында Алматы облысы бойынша 54 600 оқушыға арналған 53 мектептің тізімін бекітті.

Демографиялық өсім мен ішкі көші-қон аясындағы өзекті мәслелердің бірі облыстағы мектеп орындарының жетіспеушілігі. Бүгінгі таңда облыста 56 үш ауысымды мектеп бар. Жыл сайын оқушылар саны 14-15 мың балаға артып келеді. Сондықтан мектеп салу – білім беру саласын дамытудағы маңызды қадам.

2023 жылы 24 900 оқушыға арналған 26 мектептің құрылысы басталса, 2024 жылы 29 700 оқушыға арналған 27 мектептің құрылысы жоспарланған. Қазіргі уақытта облыстың құрылыс басқармасы Samruk-Kazyna Construction АҚ-мен шартқа отырды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуына РБ қаражатынан 2023 жылы 59 млрд. теңге бөлініп, игерілді.

Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізуге жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 1,9 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылған. Әзірленген құжат ағымдағы жылдың аяғына дейін мемлекеттік сараптамадан өткізілетін болады.

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы оқу жағдайларын жақсартуға және оқушылар үшін жайлы білім беру ортасын құруға бағытталған. Жоба шеңберінде қолданыстағы мектептерді жаңғырту, жабдықтарды жаңартумен қатар, мектептердің инфрақұрылымын жақсарту, жаңа жылыту және ауаны баптау жүйелерін орнату, оқу бағдарламалары мен оқыту әдістемелерін жаңартуға көзделген. Жалпы аталған жоба білім сапасын жақсартып, оқушылардың оқу процесіне деген қызығушылығын арттыруға үлкен септігін тигізбек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Материалды Алматы облысының әкімдігі ұсынды
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети