Алматы орталығынан өтетін жаңа автобус бағыты ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы орталығынан өтетін жаңа автобус бағыты ашылды Фото: қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі

Алматыда жаңа №145 автобус бағыты іске қосылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.


Алматыда жаңа №145 автобус бағыты іске қосылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Күн сайын желіге Yutong маркалы 5 автобус шығады, бұл 9 метрлік төмен еденді автобустар. Әр автобус 60 жолаушыға дейін тасымалдауға арналған.

Қозғалыстың орташа аралығы шамамен 14 минут болады.

№145 автобус бағыты

Бағыт Алматы-2 вокзалын "Гагарин – Жандосов" соңғы аялдамасымен байланыстырады. Оның ұзындығы 16,9 шақырым. Автобустар күн сайын сағат 06:00-ден 22:00-ге дейін қатынайды.

Жаңа автобус бағыты Райымбек батыр, Абай, Гагарин даңғылдары мен Әуезов көшесі сияқты қалалық негізгі магистральдар арқылы өтеді.

Автобус жолақтары

Сонымен қатар Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының мәліметінше, Алматыда әл-Фараби даңғылы, Тілендиев, Шевченко, Құрманғазы, Сәтбаев, Өтеген батыр, Рысқұлов көшелерінде, Шығыс айналма жолы мен Солтүстік айналымда жаңа арнайы автобус жолақтарын салу мәселесі қарастырылып жатыр.

Басқарма басшы Ержан Диханбаевтың айтуынша, бүгінде Алматыда 206 тұрақты қалалық және қала маңындағы бағыттарға қызмет көрсететін 26 тасымалдаушы жұмыс істейді. Жылжымалы құрам саны 3 108 автобус.

Бағыттардың жалпы санынан 127-сі қалалық, 21-і таулы және 58-і қала маңы. Мегаполистің көлік жүйесінде газбен жүретін 1 564 автобус, 137 электробус, 156 троллейбус және 1 251 дизельді автобус бар.

Тағы оқыңыз: Алматыдағы Тимирязев көшесі ортасындағы арнайы жолақсыз біржақты болмақ

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 471.99   547.77   6.66 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер