Алматыда жартылай марафонға қатысқан екі адам көз жұмды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Алматыда өткен жартылай марафон кезінде екі қатысушы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty marathon ресми сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда өткен жартылай марафон кезінде екі қатысушы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty marathon ресми сайтына сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, 20 сәуір күні өткен Almaty Half Marathon кезінде 84 жастағы Аққоян Рсалиев пен 21 жастағы Нұрбол Ахмади көз жұмды. Екеуі де 21,1 шақырым қашықтықты жүгіріп өтпек болған және Алматыдағы жарыстардың тұрақты қатысушылары болған. Ұйымдастырушылар жарыс ережесіне сәйкес әрекет еткен: медициналық қызмет, жедел жәрдем және полиция дер кезінде жұмылдырылған. Алайда қолданылған шараларға қарамастан, олардың өмірін аман алып қалу мүмкін болмады.

Жартылай марафон 20 сәуір күні таңертең Бірінші Президент саябағынан Орталық стадионға дейінгі бағытта өтті. Аққоян Рсалиев 2021 жылдан бері жарыстарға тұрақты қатысып келген. Бұған дейін ол Almaty Half Marathon мен Almaty Marathon кезінде 21,1 және 10 шақырым қашықтықты сәтті еңсерген.

Сол күні Аль-Фараби даңғылы бойындағы бірінші шақырымда бір ер адам кенеттен өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған. Бір минут ішінде жедел жәрдем келіп жеткенімен, пульсі тіркелмеген.

"Сағат 08:15-те полиция қызметкерлері қатысушының құлағанын хабарлады. Жедел жәрдем бір минутта келді. Пульс болмаған. Реанимациялық шаралар хаттамаға сай жүргізілді. Алдын ала диагноз – өкпе артериясының тромбоэмболиясы, созылмалы артериялық гипертензия болған", – деді жедел жәрдем дәрігері Әлібек Хожаназаров.

Екінші көз жұмған қатысушы – Нұрбол Ахмади бұған дейін Winter Run 2025 аясында 10 шақырымға жүгірген, сонымен қатар Астана мен Алматыдағы жартылай марафондарға және Алматы марафонына тіркелген болатын.

20 сәуірде жарыстың 16-шы шақырымында ол кенеттен есінен танып қалды. Оқиға орнына келген дәрігерлер реанимациялық көмек көрсеткенімен, нәтиже болмаған. Ол 103 бригадасы жеткенге дейін көз жұмған.

"Біз келгенде, сағат 09:18-де, мойын артериясында пульс болмады, тыныс алуы тоқтаған, қан қысымы нөлде еді. Барлық шаралар хаттамаға сай орындалды. Алайда сәтсіз аяқталды. Алдын ала диагноз – өкпе артериясының тромбоэмболиясы, жедел жүрек жеткіліксіздігі", – деп мәлімдеді дәрігер Айгерім Есдәулетова.

Медицина қызметкерлерінің айтуынша, нақты өлім себебі сот-медициналық сараптама нәтижесінде анықталады, қорытындысы жақын күндері марқұмдардың туыстарына хабарланады.

"Бірінші болуға батылдық" корпоративтік қорының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева қатысушылардың қауіпсіздігі – ұйымдастырушылардың басты мақсаты екенін айтты.

"Жарысқа тіркелу кезінде барлық қатысушылар өздерінің физикалық жағдайының сай екенін растап, денсаулығына өзі жауапты екенін көрсететін құжатқа қол қояды. Бұл – әлемдік тәжірибеде қабылданған стандарт. Almaty Marathon аясында біз жыл бойы тегін жаттығулар мен қауіпсіз жүгіріс туралы маман лекцияларын өткіземіз. Жарыс күні әрбір тамақтану нүктесінде алғашқы көмек көрсетуге қажетті жабдықпен қамтамасыз етілген медициналық қызметкерлер болады. Жүгіру маршруттары полиция және жедел жәрдем қызметтерімен бірлесіп алдын ала дайындалады", – деді Қазыбаева.

"Бірінші болуға батылдық" қоры марқұмдардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Ұйымдастырушылар олардың отбасыларымен байланысқа шығып, қаржылай көмек көрсетуге ниетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев 72 жасқа толды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.63  course up  576.01  course up  6.36  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer