19 қаңтар 2022 09:13

Алматыда көпбалалы ана лаңкестер басып алған резиденциядан сегіз жаралыны шығарған

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© almaty.tv © almaty.tv

Алматылық көпбалалы ана лаңкестер басып алған президент резиденциясынан сарбаздар мен қарапайым азаматтарды ауруханаға жеткізуге атсалысыпты. Almaty.tv арнасына берген сұхбатында әйел зардап шеккендерді қалай құтқарғанын, қалай тірі қалғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматылық көпбалалы ана лаңкестер басып алған президент резиденциясынан сарбаздар мен қарапайым азаматтарды ауруханаға жеткізуге атсалысыпты. Almaty.tv арнасына берген сұхбатында әйел зардап шеккендерді қалай құтқарғанын, қалай тірі қалғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

5 қаңтар күнгі тәртіпсіздіктер кезінде қайырымдылықпен айналысатын көпбалалы ана қалада бейберекет орнап, оқ атылып, бейкүнә адамдар мен сарбаздар нақақтан жараланып жатқанда үйінде қарап отыра алмапты. Қасына үш әлеуметтік қызметкер мен көлік жүргізушіні ертіп алып, көмек көрсетуге алаңға барған.

Басбұзарлардың күдігіне іліккен олар содырларды алдап әрекет етуге тура келгенін айтады. 

"Баламды іздегендей, дәрігер секілді айқайладым. Мына адамдарды алып кету керек деп айқайладым. Жалпы, ойыма не келеді бәрін айтып шықтым. Бар ойым қалай болса да жараланғандарды алып кету болды", - дейді Rahym әлеуметтік үйінің директоры Бибінұр Шерәлиева.

Осылайша, ең алғашқы адамды №12 ауруханаға апарып дәрігерлерге тапсырған. Ал бұл кезде көмекшілері Сұлушаш Жүсіпова, Венера Тұрғанова және Румиля Ходжаева есімді еріктілер алаңда қансыраған адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсетіпті. Олар жараланған 40 шақты адам барын көріпті.

Осындай жантүршігерлік арпалысты бастан кешірген көпбалалы ана қазірдің өзінде қоғам игілігі үшін тыным таппай еңбек етуде. Өзі құрған әлеуметтік үйде өзге де еріктілермен бірге сарбаздарға, жедел жәрдем және полиция қызметкерлеріне, мұқтаж жандарға күнделікті ас әзірлеп, үлестіреді. Өр мінезді, ержүрек ананың мұндай жанкештілігіне, өжеттігіне тамсанып, қайран қаласың.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети