Алматыда екі аудан электр жарығынсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Алатау Жарық Компаниясының" апаттық жағдай картасына сәйкес, электр жарығы жоқ аудандар:
- Рысқұлов даңғылы, Солтүстік шеңбер;
- Гете, Папанина, Қазақпаев және Таштитов көшелері.
Жарықтың өшу себебі анықталып жатыр, орынға арнайы бригада шыққан.
Жарық шамамен 3 сағатта қосылатыны айтылды.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда электр желілерінде жөндеу жұмыстары жүргізілген кезде кей аудандарда қысқа уақытқа жарық өшкен еді.
ОБСУЖДАЕТСЯ СЕЙЧАС
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!