“Алтын-Емел“ паркінде сирек құстың балапандары суретке түсірілді

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
instagram/altynemel_np instagram/altynemel_np

"Алтын-Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне қарасты ғылыми ақпарат және мониторинг бөлімі қызметкерлері "Басши" орман қорық аумағынан қыранның балапандары бар ұя тапты. Бұл - Қазақстанның Қызыл кітабына енген, яғни сирек кездесетін және қорғалатын құс түрі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Алтын-Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне қарасты ғылыми ақпарат және мониторинг бөлімі қызметкерлері "Басши" орман қорық аумағынан қыранның балапандары бар ұя тапты. Бұл - Қазақстанның Қызыл кітабына енген, яғни сирек кездесетін және қорғалатын құс түрі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ғалымдар бұл ерекше әрі сирек кадрларды Instagram парақшасында бөлісті.

"Алтын-Емел" паркі қызметкерлерінің айтуынша, дала қыраны ұяны әдетте ашық далалы, жартылай шөлейтті немесе жазық жерлерде салады. Ұяларды кейде жерге, кейде биік бұталарға немесе тастың үстіне орналастырады. Ұя бұтақтардан, шөптерден және жануарлардың жүнінен төселеді.

"Әдетте аналық 2 жұмыртқа салады (кейде 1 немесе 3). Жұмыртқа басу мерзімі: 43–45 күн. Бұл кезеңде көбіне аналық басады, ал аталық тамақ тасиды. Балапандар бір уақытта емес, бірінен соң бірі шығады. Алғашқы шыққан балапан әдетте күшті болады, ал әлсізі кейде тірі қалмауы мүмкін. Балапандар толық қауырсынданып, ұядан ұшып кетуге 45–55 күн шамасында дайын болады. Осы уақыт ішінде ата-анасы оларға қорек әкеліп тұрады. Балапандар ұядан шыққан соң да бірнеше апта бойы ата-анасына тәуелді болады", – дейді парк қызметкерлері.

Дала қыраны - жыртқыш құстардың қырандар тұқымдасына жататын ірі өкілі. Ол Еуразияның дала және жартылай шөлейт аймақтарында, соның ішінде Қазақстанда кең таралған. Бұл құс экожүйеде маңызды рөл атқарады, олар жоғарғы жыртқыш ретінде ұсақ сүтқоректілер мен құстардың санын реттейді, моногамды құстар, жұптары көп жылдарға сақталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.5  course up  615.26  course up  6.76  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer