Әскери мүлік пен персонал транзиті. Тоқаев Түркиямен жасалған келісімді ратификациялады

Айнұр Қапышова
Айнұр Қапышова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әскери мүлік пен персонал транзиті. Тоқаев Түркиямен жасалған келісімді ратификациялады Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі халықаралық келісімді ратификациялау туралы заңдарға қол қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі халықаралық келісімді ратификациялау туралы заңдарға қол қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының әуе кеңістігі арқылы әскери мүлік пен персоналды транзиттеу туралы келісімді ратификациялау туралы" заңға қол қойды.

Бұған дейін, келісімге 2024 жылғы қыркүйекте Астанада қол қойылғаны хабарланған болатын. Құжат тараптардың әуе кеңістігін өзара пайдалану барысында әскери мүлік пен персоналдың әуе транзиті тәртібін айқындауға бағытталған. Атап айтқанда, әскери-көлік және жалға алынған азаматтық әуе кемелерінің екі мемлекет аумақтарынан үздіксіз ұшып өтуі кезінде теңдік, әріптестік және өзара тиімділік қағидаттарына орай құқықтық база қалыптастыру көзделіп отыр.

"Келісімде ұшуға рұқсат алу тетіктері белгіленеді, тараптардың уәкілетті органдары айқындалады, сондай-ақ әуе транзитін жүзеге асыру шарттары бекітіледі. Ұшулар ICAO ережелеріне және мемлекеттердің ұлттық заңнамасына сәйкес орындалады. Сонымен қатар құжат аэронавигациялық, әуежайдағы және жерүсті қызмет көрсету мәселелерін, авариялық қону жағдайындағы іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ тараптардың құпия ақпаратты қорғау жөніндегі міндеттемелерін реттейді", - деп атап өтілді Сенатта заң жобасын қарау кезінде.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі арасындағы стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заңға қол қойды.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 461.58   543.08   6.21 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер