"Астана" спорт клубының ісі: Қымбат пәтерлер мен көліктер тәркіленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана" спорт клубының ісі: Қымбат пәтерлер мен көліктер тәркіленді © pexels.com

"Астана" cпорт клубына қатысты қылмыстық іс барысында автомобильдер мен қымбат пәтерлер тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  Бұл туралы Жемқорлыққа қарсы агенттіктің екінші департаментінің басшысы Сергей Перов мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана" cпорт клубына қатысты қылмыстық іс барысында автомобильдер мен қымбат пәтерлер тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  Бұл туралы Жемқорлыққа қарсы агенттіктің екінші департаментінің басшысы Сергей Перов мәлімдеді.

"Іс барысында күдіктілердің Алматы мен Нұр-Сұлтанда қымбат мүліктері, оның ішінде автокөліктер, қымбат пәтерлер, жер телімдері анықталып, тәркіленді. Осы қылмысқа қатысы бар болуы мүмкін басқа да тұлғалар анықталып жатыр", - деді Перов.

Мұның алдында Жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдерінің "Самұрық Қазынаның" спортты дамыту мен Қазақстан имиджіне бөлген қаражатты жымқыру ісі бойынша қылмысты істі тергеп жатқаны хабарланған болатын.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Самұрық Қазына" спортты дамыту мен Қазақстан имиджіне бөлген қаражатты жымқыру ісі бойынша қылмысты істі тергеп жатыр. Тергеу мәліметінше, велоклубтың экс-директоры Аманбек Құлшықов пен оның сыбайластары Astana Pro Team велокомандасы басшысы Ләззат Шәмшиева мен Astana Motorsport басшысы Артур Ардавичуспен дайындаған қылмыстық схема анықталды", - деген еді Перов Нұр-Сұлтанда өткен брифинг барысында.

Қазіргі уақытта Құлшықов пен Шәмшиева Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында. Сот бұлтарпау шарасы ретінде оларды екі ай қамауда ұстау туралы шешім шығарды. Ардавичус халықаралық іздеуде жүр.

Еске салайық, мұның алдында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2016-2017 жылдары Қазақстан автоспортын дамытуға бөлінген қаражатты жымқыру ісі бойынша тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаған болатын. Ведомство мәліметінше, "Дакар-2012" ралли-рейдінің қола жүлдегері Артур Ардавичус бірнеше рет жауап алуға шақыртылған, алайда шетелден келуден бас тартқан.   

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети