03 наурыз 2020 11:41

"Астана" спорт клубының экс-директоры қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана" спорт клубының экс-директоры Аманбек Құлшықов қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Жемқорлыққа қарсы агенттіктің екінші департаментінің басшысы Сергей Перов мәлімдеді.


"Астана" спорт клубының экс-директоры Аманбек Құлшықов қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Жемқорлыққа қарсы агенттіктің екінші департаментінің басшысы Сергей Перов мәлімдеді.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Самұрық Қазына" спортты дамыту мен Қазақстан имиджіне бөлген қаражатты жымқыру ісі бойынша қылмысты істі тергеп жатыр. Тергеу мәліметінше, велоклубтың экс-директоры Аманбек Құлшықов пен оның сыбайластары Astana Pro Team велокомандасы басшысы Ләззат Шәмшиева мен Astana Motorsport басшысы Артур Ардавичуспен дайындаған қылмыстық схема анықталды", - деді Перов Нұр-Сұлтанда өткен брифинг барысында. 

Оның айтуынша, бөлінген қаражат шетелдік компаниялармен келісімшарттарға отырып, жалған құжаттарға қол қою арқылы жымқырылған.

"Мысалы, демеушілер жыл сайын 200 велосипедті тегін беріп отырған. Ол велосипедтердің барлығы халықаралық стандартқа сай болған. 2018 жылы тағы құны 219 мың еуро болатын алты велосипед берілген. Бірақ іс жүзінде бұл велосипедтер қолданылмаған болып шықты, ол қаражаттың барлығы жымқырылған", - деді Сергей Перов.

Келтірілген шығын 2 миллиард теңгеден асады дейді.

"Қазіргі уақытта Құлшықов пен Шәмшиева Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында. Сот бұлтарпау шарасы ретінде оларды екі ай қамауда ұстау туралы шешім шығарды. Ардавичус халықаралық іздеуде жүр", - деді Перов.

Еске салайық, мұның алдында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2016-2017 жылдары Қазақстан автоспортын дамытуға бөлінген қаражатты жымқыру ісі бойынша тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаған болатын. Ведомство мәліметінше, "Дакар-2012" ралли-рейдінің қола жүлдегері Артур Ардавичус бірнеше рет жауап алуға шақыртылған, алайда шетелден келуден бас тартқан.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети